Әлем

Халықтың қалтасы көтереді: көрші елде әншілердің гонорарына шектеу қойылды

© Photoүйлену тойы
үйлену тойы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өзбекстанда халықтың мүмкіндігіне байланысты әншілердің тойларда алатын ақшасының мөлшері бекітілді

АСТАНА, 8 шілде — Sputnik. "Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесі үйлену тойы, мерейтой және басқа да мейрамдарда жұлдыздардың алатын ақшасының мөлшерін бекітті. 

Күйзеліске түскен ер адамның архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Өзбекстанда енді "қара тізімге" енген азаматтарға кредит берілмейді

Гонорардың құны 700 мың сумнан (90 доллар шамасында) 1,5 миллион сумға (190 доллар) дейінгі мөлшерде бекітіліп отыр, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан. 

"Өзбекконцерт" мемлекеттік мекемесінде атап өткендей, тарифті белгілеген кезде халықтың мүмкіндігі ескерілген. Әншілердің тізімі кеңейтіліп отырмақ. Әзірге жаңашылдық тек Ташкентте енгізілген, бірақ бір айдың ішінде Өзбекстанның барлық қаласы мен өңірінде әншілердің тізімі мен олардың қызметінің құны белгілі болады. 

Бұған дейін көрші елдің депутаттары ұлттық дәстүр, өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, ас та төк тойларға тыйым салмауды шешкені хабарланған еді. 

"Әнші мен әртісті ақшаға үйреткен байлар"

Шымкенттегі жұрттың жағасын ұстатқан торттың авторы оның бағасы туралы айтты

Жаңалықтар
0