Өңірлер

Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті

Ер адам батып жатқан үш әйелді құтқарамын деп өзі суға кетті
Sputnik

ҚОСТАНАЙ, 8 шілде — Sputnik. Қостанайда үш әйелді құтқармақ болған ер адам өзі суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik. 

Алматыда суға кеткен жігіттің достары құтқарудың орнына қашып кеткен

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Гагарин бөгетінде үш әйел суретке түсіп жатады. Олардың жанына келген құтқарушылар бөгеттің үстінде суретке түсудің қаупін ескерткен. Құтқарушылар кеткеннен кейін әйелдер суға кіреді, кенет олар бата бастайды.  

Осы жерде отбасымен демалып жатқан ер адам көмекке ұмтылады. Байбаламға салған әйелдер үстіне шығып, оны батыра бастайды.

Әлсізденіп қалған ер адам әйелдерді құтқарып үлгереді, бірақ өзі судан шыға алмаған. Ол әйелі мен баласының көзінше мерт болды.  

Гагарин бөгетінде өткен аптада құтқарушылар төрт адамды судан алып шыққан еді. 

Астана маңынан төрт баланың мәйіті табылды