Өңірлер

Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚостанайда үш әйелді құтқармақ болған тұрғын өзі суға батып кетті
Қостанайда үш әйелді құтқармақ болған тұрғын өзі суға батып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам батып жатқан үш әйелді құтқарамын деп өзі суға кетті

ҚОСТАНАЙ, 8 шілде — Sputnik. Қостанайда үш әйелді құтқармақ болған ер адам өзі суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik. 

Қалалықтар көлде шомылып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда суға кеткен жігіттің достары құтқарудың орнына қашып кеткен

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Гагарин бөгетінде үш әйел суретке түсіп жатады. Олардың жанына келген құтқарушылар бөгеттің үстінде суретке түсудің қаупін ескерткен. Құтқарушылар кеткеннен кейін әйелдер суға кіреді, кенет олар бата бастайды.  

Осы жерде отбасымен демалып жатқан ер адам көмекке ұмтылады. Байбаламға салған әйелдер үстіне шығып, оны батыра бастайды.

Әлсізденіп қалған ер адам әйелдерді құтқарып үлгереді, бірақ өзі судан шыға алмаған. Ол әйелі мен баласының көзінше мерт болды.  

Гагарин бөгетінде өткен аптада құтқарушылар төрт адамды судан алып шыққан еді. 

Жаңалықтар
0