Өңірлер

Алматыда суға кеткен жігіттің достары құтқарудың орнына қашып кеткен

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚалалықтар көлде шомылып жатыр, архивтегі фото
Қалалықтар көлде шомылып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баласының өлі-тірісін біле алмай, көз жасы көл болған ана көлді айналшықтап кете алмай жүр

АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Алматыда 28 жастағы жігіт суға кетті. Сайран көліне батқан азаматты құтқарушылар әлі тапқан жоқ, деп хабарлады КТК. 

Жақындары болса, оның жанында болған достары құтқарудың орнына қашқандарын айтады. Сонымен қатар, төтенше жағдай қызметкерлерінің іздеу жұмыстарын атүсті жүргізіп жатқанына қапалы.

Өзен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда суға кеткен баланың денесі бір аптадан соң табылды

Сайрандағы жасанды көл түсуге мүлде жарамсыз. Солай бола тұрғанмен, оны елеп, ескеріп жатқан жұртшылық жоқ. Жаздың ыстық күндері осында келіп, суға түседі. 

Куәгерлердің айтуынша, қайғылы оқиға 18 маусым күні сағат бестердің шамасында болған. "Құтқарыңдар!" деген дауысты естігенмен ешкім жетіп үлгермеген. Баласының өлі-тірісін біле алмай, көз жасы көл болған ана көлді айналшықтап кете алмай жүр. Әне-міне перзенті тірі табылар деген көмескі үміті сөнбеген.  

1989 жылғы ұлы Нұрлан Тұрлығожа  соңғы рет Сайранға жолдасыма барам деп кеткен. Досы дегені қасы болып шықпады ма деген күдік маза берер емес. 

"Бір әйелдер  көмектеспейміз деп кетіп қалыпты. Екі баланың кім екенін білмейміз. Достарына айтсақ, Даниярға кеткен дейді. Осы жерге сонымен кездесемін деп кеткен ғой", — дейді Н.Тұрлығожаның анасы Биғайша Маралбаева.

Көл жұтқан жігітті жедел іздеуге құтқарушыларды шақырған.  Бірақ, олар кешкісін су салқын деп көлге түсуден бас тартқан. 

Балалар өзенде шомылып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ШҚО-да жас жігіт пен алты жасар бала суға кетті

"Кешке жақын қараңғы болып кетті, біз іздей алмаймыз, су суық деді. Таңға дейін бар жарығымызбен қарап шықтық. Таңды атырдық", — дейді Н.Тұрлығожаның әпкесі Лаура Тұрлықожа.

Жағалауда суға түскендердің қауіпсіздігін қадағалайтын осы жердің құтқарушылары болса жігіт батқан аумаққа жауапты емес екендерін айтады. Сүңгуірлер қазір аумақты сүзіп жатыр. Судың тереңдігі бар-жоғы 3 метр. Әзірге құзырлы органдар бұл жайт бойынша жақ ашпады. Ал, суға батқан жігіттің жақындары бауырлары табылғанша қайтпаймыз дейді.


Жаңалықтар
0