Өңірлер

Петропавлда жоғалып кеткен бала өлі күйінде табылды

Ауладан жоғалып кеткен баланың денесі өзен жағасынан табылған
Sputnik

ПЕТРОПАВЛ, 4 шілде – Sputnik. Петропавлда жоғалып кеткен алты жасар бала Александр Дорошенко екі күннен соң өлі күйінде табылды.

Астана маңындағы каналдан төрт баланың денесі табылды

Бала дүйсенбі күні ауладан кетіп қалған, содан бері ешкім іздеп таба алмапты. Жоғалып кеткен жеткіншекті полицейлер, әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер жабылып іздеп, БАҚ көздерінде бағыттамалар таратылды. Сашаның бұрын да үйден кетіп қалатын әдеті болған екен.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сәрсенбі күні Александрдың денесі Есіл өзенінің жағасынан табылды. Енді сарапшылар бала өлімінің себебін анықтайды.

Солтүстік Қазақстанда суға кеткен баланың денесі бір аптадан соң табылды>>

Жоғалып кеткен 7 жасар қыз тоңазытқыштың ішінен өлі табылды>>