Оқиға

Астана маңындағы каналдан төрт баланың денесі табылды

CC0 / / Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Балалар "Нұра-Есіл" каналында шомылып жүріп, суға батып кеткен

АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Астана маңындағы Пригородный кентінде суға батып кеткен төрт баланың денесі табылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді. 

Қалалықтар көлде шомылып жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда суға кеткен жігіттің достары құтқарудың орнына қашып кеткен

24 маусым күні Пригородный кентінде, Нұра-Есіл каналы маңында үш бала жоғалып кетті деген ақпарат түскен. Оқиға орнына дереу Орталық өңірлік аэромобильді жедел құтқару жасағының қызметкерлері аттанды. 

Иманқұлов мәлімдегендей, алғашында үш бала туралы ақпарат түскен, кейін іздеу барысында тағы бір бүлдіршіннің суға кеткені анықталды. 

"Іздеу жұмыстары бүгін аяқталды. Таңғы сағат 05:17-де Нұра-Есіл каналынан 2007, 2006, 2007 және 2009 жылғы балалардың денесі табылып, судан шығарылды. Балалар рұқсат етілмеген жерде шомылып жүріп, суға кеткен", — делінген хабарламада. 

ТЖ комитеті ата-аналарға жаз мезгілінде балаларға абай болуды, қараусыз қалдырмауды тағы бір мәрте ескертеді.


Жаңалықтар
0