ПЕТРОПАВЛ, 4 шілде – Sputnik. Петропавлда жоғалып кеткен алты жасар бала Александр Дорошенко екі күннен соң өлі күйінде табылды.
Бала дүйсенбі күні ауладан кетіп қалған, содан бері ешкім іздеп таба алмапты. Жоғалып кеткен жеткіншекті полицейлер, әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер жабылып іздеп, БАҚ көздерінде бағыттамалар таратылды. Сашаның бұрын да үйден кетіп қалатын әдеті болған екен.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, сәрсенбі күні Александрдың денесі Есіл өзенінің жағасынан табылды. Енді сарапшылар бала өлімінің себебін анықтайды.