Қоғам

Астанада дабылды ескерту жарияланды

Елордада екпінді жел соғып, найзағай ойнайды
Sputnik

АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Астанада 13 маусымда дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазгидрометтің мәліметі бойынша сәрсенбі, 13 маусымда Астанада күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с-қа дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +9…+11°С, күндіз +17…+19°С көрсетеді. 

Бейсенбі, 14 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады деп болжануда. Жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 5-10, түнде 15-20 м/с-қа жетпек. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +21…+23°С құрайды. 

Жұма, 15 маусымда да күн райы құбылмалы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз 15 м/с-ты құрайды. Сынап бағанасы түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С-ты көрсетеді.