АСТАНА, 12 маусым — Sputnik. Астанада 13 маусымда дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазгидрометтің мәліметі бойынша сәрсенбі, 13 маусымда Астанада күндіз найзағай жарқылдауы мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдығы 85-90% құрайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с-қа дейін жетеді. Сынап бағанасы түнде +9…+11°С, күндіз +17…+19°С көрсетеді.
Бейсенбі, 14 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады деп болжануда. Жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 5-10, түнде 15-20 м/с-қа жетпек. Ауа температурасы түнде +5…+7°С, күндіз +21…+23°С құрайды.
Жұма, 15 маусымда да күн райы құбылмалы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с, күндіз 15 м/с-ты құрайды. Сынап бағанасы түнде +13…+15°С, күндіз +25…+27°С-ты көрсетеді.