Қоғам

Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

CC0 / TanteTati / Жел
Жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады

АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің екі облысында дабылды ескерту жариялады. 

Дүлей жел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Дабылды ескерту: Қазақстанның бірнеше облысында дауыл тұрады

 "12 маусымда күннің екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, шаңды дауыл көтеріледі деп болжануда, бұршақ жаууы мүмкін. Таңертең және күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-     20 м/с", — деп жазылған хабарламада. 

 Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі деп болжанып отыр, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.


Жаңалықтар
0