Қоғам

Дабылды ескерту: Қазақстанның бірнеше облысында дауыл тұрады

© AFP 2024 / Kazuhiro NOGIДүлей жел
Дүлей жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Шымкент қалаларында қатты жел соғады деп болжануда

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. "Қазгидромет" РМК бірқатар өңірде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

ауа райы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты

8 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, түнде және күндіз жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Кейбір аудандарда найзағай ойнайды, дауыл, шаңды дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін.

Астанада ертең күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с дейін күшейеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, батыстан соққан желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 

Қызылорда облысында 8-9 маусымда найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады; 9 маусымда шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ түсуі мүмкін, түнде желдің екпіні 23-28 м/с жетеді деп болжануда.  

Оңтүстік Қазақстан облысында ертең найзағай ойнап, дауыл тұрады. Желдің екпіні күндіз 25 м/с, сонымен қоса шаңды дауыл көтеріледі. 

Ал Шымкентте күн күркіреп, жел күшейеді. 

Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша, 9 маусымда Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының өзендерінде және 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында нөсер жауынға байланысты су тасуы мүмкін.

 

 

Жаңалықтар
0