АСТАНА, 11 маусым — Sputnik. "Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің екі облысында дабылды ескерту жариялады.
"12 маусымда күннің екінші жартысында Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, шаңды дауыл көтеріледі деп болжануда, бұршақ жаууы мүмкін. Таңертең және күндіз кей жерлерде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15- 20 м/с", — деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі деп болжанып отыр, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.