Спорт

Ломаченко Головкиннің Альварестен басты айырмашылығын атады

Әлем чемпионының пікірінше, Головкин –"Канело" жекпе-жегінде қазақстандық боксшы жеңіске жеткен
Sputnik

АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Екінші жартылай орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Василий Ломаченко қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварестің бақталастығы туралы не ойлайтынын айтты, деп жазды Sports.kz.

Головкинге қарсылас болуы мүмкін 8 боксшы анықталды

Боксшылардың алғашқы жекпе-жегі өткен жылдың қыркүйегінде өтіп, тең аяқталды. Реванш 5 мамырда өтуі тиіс еді, алайда мексикалықтың допингпен ұсталуына байланысты тоқтатылды.  

— Жұрт "Канело" мен Головкин жайлы айтқанда, олар туралы не ойлайсың?   

— Бірі адал дайындалып, екіншісі құйтырқылыққа барып жатқанда жекпе-жек туралы айту қиын. Ол жайында не деріңді білмейсің.   

— Ал бокс машықтары тұрғысынан Головкинді Альварестен жоғары қояр ма едің?  

— Мен Альваресті шеберлігі бойынша жоғары қоя алмаймын, өйткені алғашқы жекпе-жекте Гена ұтты деп есептеймін. Менің пікірім бойынша ол жеңілген болса, Геннадийден қалай ілгері қоймақпын?, — деді Ломаченко баспасөзге берген сұхбатында.