АСТАНА, 11 мамыр — Sputnik. Ringside Boxtalk басылымы қазақстандық Геннадий Головкинге алдағы жекпе-жектерде қарсылас атануы мүмкін боксшыларды таңдады, деп хабарлайды prosports.kz.
"Головкин-"Канело" рематчының өте мүмікндігі 10% деп болжанды. Бірақ промоутер Том Леффлер оптимистік көзқараспен қарайды. Боб Арум болса желтоқсанда Риота Мурата мен Головкин жекпе-жегін өткіземін деп отыр. Абель Санческе осы идея ұнайтын секілді. Басқа дивизионнан Билли Джо Сондерс, Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, Сергей Деревянченко мен Дэниэл Джейкобс қарсылас атануы мүмкін. Сондай-ақ, GGG бокстасуы мүмкін боксшылардың тізімінде Хильберто Рамирес бар. Осылайша Головкин үшін бірнеше нұсқа қарастырылып отыр", — деп жазады сайт.
Еске сала кетсек, Головкин өзінің соңғы жекпе-жегінде америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа жіберіп, орта салмақтағы әлем чемпионы атағын қорғап қалды.