Спорт

"Тек "Канело" туралы айта бермейік". Головкин реванш туралы пікір білдірді

© REUTERS / Henry Browne LivepicГоловкин мен Канело
Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегі қыркүйекте өтуі мүмкін

АСТАНА, 10 мая — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен екінші рет жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

Сауль Канело Альварес пен Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин мен Альварестің реваншы қашан болатыны анықталды

"Мен бірінші жекпе-жекте Альваресті жеңдім деп ойлаймын. Өзімді одан мықтымын деп санаймын, менде барлық белбеу бар. Жалпы, тек "Канело" туралы айта берген дұрыс емес. Одан да басқа бірнеше жақсы қарсылас бар, әрине, олар мен үшін қаржылық жағынан аса тиімді болмауы мүмкін… Бірақ "Канело" — жалғыз қарсылас емес. Өзге де боксшыларға мүмкіндік беру керек. Сондықтан тек "Канелоның" төңірегінде сөз қозғай бермейік. Бұл салмақта басқалар да бар", — деді Головкин. 

Головкин мен Альварес арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың 16 қыркүйегінде өтіп, олар тең түскен болатын. Рематч биыл 5 мамырда болуы керек еді, бірақ "Канело" допингпен ұсталып, бокстан жарты жылға шеттетілді. Енді қарымта жекпе-жек күзде тағы да Мексиканың тәуелсіздік күнінде өтуі мүмкін. 

 

 

Жаңалықтар
0