Спорт

Елеусіновтің алғашқы жекпе-жегі "батыл дебют" деп бағаланды

Қазақстандық боксшының техникасында қандай ерекшелік бар?
Sputnik

АСТАНА, 10 мамыр — Sputnik. Америкалық тілші қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінен ерекше қасиетін байқапты, деп хабарлайды Sports.kz.

"Тек "Канело" туралы айта бермейік". Головкин реванш туралы пікір білдірді

"Маған Елеусіновтің сол қолымен соққы жасардың алдында, қолғаптарын бір-біріне ақырын соғатыны ұнайды. 147 фунт шамасындағы салмақ дәрежесінде қарсыластарына әжептәуір проблема туғызатын жігіттің алғашқы жекпе-жегі батыл дебют болды", — деді тілші Том Крэйз BadLeftHook.com басылымына.

Қазақстандық боксшы, Риодағы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Нью-Йорктегі Barclays Center аренасында өткен бокс кешінің аясында жекпе-жекке шыққан болатын. Кәсіпқой рингтегі алғашқы қарсыласы америкалық Ноа Кидд болды (3-0-1, 2 КО).

Жартылай орташа салмақ бойынша өткен алты раундтан тұратын кездесу үшінші раундта техникалық нокаутқа байланысты Елеусіновтің пайдасына шешілді.