Оқиға

Астанада мектепте өрт шықты

Өрт мектептің бірінші қабатынан шыққан
Sputnik

АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Астанада №61 мектептен шыққан өрт салдарынан екі мыңдай адам эвакуацияланды, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.

Депутат мектептерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына алаңдаулы

Өрт туралы хабар сенбі күні сағат 13.56 кезінде түскен. Анықталғандай, Конституция көшесінде орналасқан №61 мектептің бірінші қабатында 10 шаршы метр жерде жиһаз өртенген. 

Өрт 14.10 кезінде ауыздықталып, 14.11-де сөндірілді.

"Өрт сөндірушілер келгенше мектеп әкімшілігі екі мыңдай адамды ғимараттан шығарған, дені — балалар", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оқиға орнына дәрігерлер де келіп жетті, зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.

Өрт сөндірілген соң бір сағаттан кейін балалар мектепке оралған.