АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. Астанада №61 мектептен шыққан өрт салдарынан екі мыңдай адам эвакуацияланды, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті.
Өрт туралы хабар сенбі күні сағат 13.56 кезінде түскен. Анықталғандай, Конституция көшесінде орналасқан №61 мектептің бірінші қабатында 10 шаршы метр жерде жиһаз өртенген.
Өрт 14.10 кезінде ауыздықталып, 14.11-де сөндірілді.
"Өрт сөндірушілер келгенше мектеп әкімшілігі екі мыңдай адамды ғимараттан шығарған, дені — балалар", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Оқиға орнына дәрігерлер де келіп жетті, зардап шеккендер туралы ешқандай ақпарат түскен жоқ.
Өрт сөндірілген соң бір сағаттан кейін балалар мектепке оралған.