Қоғам

Депутат мектептерде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауына алаңдаулы

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуКомпьютер сыныбы
Компьютер сыныбы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде соңғы бес жыл ішінде білім беру мекемелерінде 212 өрт тіркелген

АСТАНА, 2 мамыр – Sputnik. Мәжілістің жалпы отырысында депутат Бақтияр Мәкен білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Депутаттың сауалы премьер-министр Бақытжан Сағынтаевқа жолданған. Сауалға білім беру нысандарындағы өрт қауіпсіздігі мәселесі негіз болған. 

MART СОО - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанайдағы ойын-сауық орталығынан өрт шықты, зардап шеккен адам бар

"Деректерге сүйенсек, ішкі істер министрлігі 2017 жылдың мамыр айынан бастап білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігіне 8 мыңнан астам (есептегі объектілердің жалпы саны 12 986 болса) тексеріс жүргізген болатын. Тексеріс нәтижесі бойынша 33 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Олардың арасында электр желілерінің монтажы мен электрлік құрылғыларды пайдалану ережесінің сақталмауы, жертөлелер астында жанғыш материалдың сақталуы, өрт сөндіруге қажетті алғашқы құралдардың жеткіліксіз болуы, онымен қоса өртті автоматты түрде анықтау мен сөндіру жүйелерінің болмауы немесе дұрыс істемеуі, сондай-ақ ішкі және сыртқы өртте сумен қамту жүйелерінің жарамсыз болуы секілді заң бұзушылықтар бар", — деді депутат. 

Бақтияр Мәкен білім беру мекемелерінде практика жүзінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нұсқаулар мен арнайы сабақтың болмауы алаңдаушылық туғызатынын атап өтті. 

"Соның салдарынан өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған кездегі  педагогикалық құрамның да, балалардың да тиісті іс-әрекет туралы қарапайым білімнің жоқ екенін ойлаудың өзі қорқынышты. Мұның салдарынан соңғы бес жылдың ішінде білім беру мекемелерінде 212 өрт тіркелді. Оның 64 проценті өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзудан, 49-ы  отты дұрыс пайдаланбаудан, 18-і өрт қоюдан, 4-уі балалардың ойынынан шыққан. Бұл мәліметтер мекеме басшылары мен жергілікті атқарушы органдардың өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық акті талаптарын орындау бойынша шараларды қабылдамағанын білдіреді", — деді мәжілісмен. 

Оның айтуынша, өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамаған облыстар – Жамбыл (64%),  Ақтөбеде (56%), ШҚО-да (37%), Қызыордада (29%), СҚО-да (28%). Депутат өрт қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлуге шақырды.

Алматыдағы өрт, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жабық ғимаратта өрт шықса, аман қалудың жолдары қандай?

"Ең алдымен білім беру мекемелерінің өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын орындап жатқанын бақылау қажет. Сонымен қатар жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды жою бойынша айтылған іс-шаралардың орындалуын да назарда ұстаған жөн. Білім беру мекемелерінде балалар мен мұғалімдерге түрлі төтенше жағдай кезінде не істеу керектігін үйрету қажет. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде түрлі ойындар, әңгімелесу арқылы, интерактивті форматта өрт қауіпсіздігі ережелері туралы арнайы сабақтар өткізу керек. Орта білім беру мекемелерінде төтенше жағдай туралы хабарлау, жылдам шешімдер қабылдау, ғимараттан шығу жолдары және жарақаттанғандарға алғашқы көмек көрсету сияқты әрекеттер алгоритмін жасап тұру қажет", — деп кеңес берді депутат.


Жаңалықтар
0