Өңірлер

Қостанайдағы ойын-сауық орталығынан өрт шықты, зардап шеккен адам бар

Жазылу
Ер адам қолының білезік тұсын күйдіріп алған, оған медциналық көмек көрсетілді

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Қостанайдағы MART сауда және ойын-сауық орталығынан өрт шығып, күзетшілердің бірі зардап шекті.  

Өрт бүгін таңертең сағат алтының шамасында жертөледегі дәріханадан шыққан.   

Желіде Кемероводағы өрт кезіндегі аласапыранның видеосы шықты - Sputnik Қазақстан
Видео
Желіде Кемероводағы өрт кезіндегі аласапыранның видеосы шықты

"Алау" порталына Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі хабарлағандай, компьютердің жүйелік блогы мен сөрелер өртенген.    

"Өрт 3 шаршы метрге шарпыды. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер келгенше MART сауда және ойын-сауық орталығының күзетшісі сөндірді", — деп хабарлады ведомство.

Қостанай қалалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымованың мәліметінше, сауда орталығы күзетшілерінің бірінің білезігін бірінші-екінші дәрежелі күйік шалған. Ер адам ауруханаға өзі барып, медициналық көмек алған, ол амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілді. 

MART сауда және ойын-сауық орталығында бірнеше күн бұрын оқу-жаттығу өткен болатын.    

Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын Кемероводағы сауда ойын-сауық орталығынан өрт шығып, 64 адам қаза болған еді.   


Жаңалықтар
0