Өңірлер

ШҚО әкімі тайлы-тұяғымен күтіп алып, бәйек болатындарға ескерту жасады

Даниал Ахметов әр сапары сайын ауданның барлық басшылығы мен арнайы көліктер қарсы алуға міндетті емес екенін айтты
Sputnik

АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің аудандарға сапары кезінде негізгі жұмысынан қол үзіп қалатын мемлекеттік қызметкерлер тым көп екенін атап өтті.

Даниал Ахметов әкімдерге мереке күндері облыстан кетуге тыйым салды

Өңір басшысы 26 сәуір күні Зырян ауданына барды. Оны аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов, оның орынбасарлары Жанна Асқарова мен Асхат Бұқатов, аудан мәслихатының хатшысы Лариса Гречушникова, сондай-ақ бөлім басшылары қарсы алды, деп жазды YK-news.kz.

"Маған мұндай кортеждің керегі жоқ. Мамандар өз орнында жұмыс істесін, міндетін атқарсын", — деді Даниал Ахметов.

Шенеуніктерден бөлек әкімді полицей автокөлігі шамын жарқылдатып, "қошеметтеп" ертіп жүрді. Өңір басшысы арнайы машинаны да алып тастауды өтінген көрінеді.