Өңірлер

ШҚО әкімі тайлы-тұяғымен күтіп алып, бәйек болатындарға ескерту жасады

© Photo : YK-news.kzДаниал Ахметов Зырян ауданына сапары кезінде
Даниал Ахметов Зырян ауданына сапары кезінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Даниал Ахметов әр сапары сайын ауданның барлық басшылығы мен арнайы көліктер қарсы алуға міндетті емес екенін айтты

АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов өзінің аудандарға сапары кезінде негізгі жұмысынан қол үзіп қалатын мемлекеттік қызметкерлер тым көп екенін атап өтті.

Даниал Ахметов - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Даниал Ахметов әкімдерге мереке күндері облыстан кетуге тыйым салды

Өңір басшысы 26 сәуір күні Зырян ауданына барды. Оны аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов, оның орынбасарлары Жанна Асқарова мен Асхат Бұқатов, аудан мәслихатының хатшысы Лариса Гречушникова, сондай-ақ бөлім басшылары қарсы алды, деп жазды YK-news.kz.

"Маған мұндай кортеждің керегі жоқ. Мамандар өз орнында жұмыс істесін, міндетін атқарсын", — деді Даниал Ахметов.

Шенеуніктерден бөлек әкімді полицей автокөлігі шамын жарқылдатып, "қошеметтеп" ертіп жүрді. Өңір басшысы арнайы машинаны да алып тастауды өтінген көрінеді.   


Жаңалықтар
0