Өңірлер

Даниал Ахметов әкімдерге мереке күндері облыстан кетуге тыйым салды

© Photo : инфоцентр ВКОДаниал Ахметов
Даниал Ахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс әкімі қала мен аудан басшыларына су тасқынына байланысты мейрам күндері өз учаскелерінде қалуды бұйырды

АСТАНА, 22 наурыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында барлық әкімге Наурыз мейрамы кезінде өз қаласы мен ауданының аумағынан кетуге тыйым салынды. Облыс әкімі Даниал Ахметов барлық басшыға осыны бұйырды, деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Сырдария - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Сырдария өзені аңғарынан асып, тас жолды су алып кетті

"Наурызда бірде бір әкім ешқайда кетпейді. Әр қала мен аудан әкімі мереке күндері халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады", — делінген хабарламада. 

Аймақ басшысы су тасқыны маусымына байланысты бірнеше ауданға ерекше назар аударуды тапсырды. 

"Жарма ауданындағы Шар ауылында қар жамылғысының нормасы әлі күнге дейін орташа жылдық нормадан 30%-ға асады. Әсіресе Шар өзенінің арнасы мен Семей-Қалбатау автожолының бойында төменірек орналасқан елді мекендерге ерекше назар аудару керек. Ал Үржар ауданында тау баурайында қар жамылғысы сақталған. Оңтүтік өңірдің күрт жылынып кетуін ескерсек, онда ерекше бақылау қажет", — деді әкімдіктегілер. 

Облы әкімінің тапсырмасын орындау үшін жұмыс топтары құрылған, тікұшақпен аралап ұшу бағыттары жоспарланды. 

Ахметов қала басшыларына орынбасарларымен бірге арықтар мен су ағызатын траншеялардың жұмыс схемасын, сондай-ақ қалалардағы кәріз жүйесін егжей-тегжей зерттеуді тапсырды. 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі өңірде су тасқыны жағдайы бақылауда екенін хабарлады.

Жаңалықтар
0