АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF ұйымының титулдық міндеттемесіне байланысты жағдайды әлі GGG-мен талқыламағанын айтты, деп жазды Sports.kz.
Кеше IBF Головкинді 5 мамырдан кейін 90 күннің ішінде осы ұйымның белбеуіне міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге міндеттеді, әйтпесе титулды босатуы тиіс.
— Головкин 5 мамырдағы жекпе-жекке дайындалып жатыр, сондықтан біз бұл жайында әлі сөйлескен жоқпыз. Жекпе-жек өтетін аптада онымен кездескен кезде бәрін талқылаймыз", — деді Леффлер ESPN порталына берген сұхбатында.
5 мамыр күні Геннадий Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жекте WBC, WBA және IBO титулдарын қорғайды. IBF бұл жекпе-жекке рұқсат еткен жоқ.