Спорт

IBF ультиматум қойды: Головкиннің промоутері не дейді?

© AP Photo Геннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Том Леффлер IBF ұйымының міндеттемесі жөнінде Головкинмен әлі сөйлеспегенін мәлімдеді

АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Қазақстандық Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер IBF ұйымының титулдық міндеттемесіне байланысты жағдайды әлі GGG-мен талқыламағанын айтты, деп жазды Sports.kz.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкин нашар қарсылас таңдадың деп сынағандарға жауап берді

Кеше IBF Головкинді 5 мамырдан кейін 90 күннің ішінде осы ұйымның белбеуіне міндетті үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізуге міндеттеді, әйтпесе титулды босатуы тиіс.  

— Головкин 5 мамырдағы жекпе-жекке дайындалып жатыр, сондықтан біз бұл жайында әлі сөйлескен жоқпыз. Жекпе-жек өтетін аптада онымен кездескен кезде бәрін талқылаймыз", — деді Леффлер ESPN порталына берген сұхбатында.

5 мамыр күні Геннадий Ванес Мартиросянға қарсы жекпе-жекте WBC, WBA және IBO титулдарын қорғайды. IBF бұл жекпе-жекке рұқсат еткен жоқ.    


Жаңалықтар
0