АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Жеңілмеген қазақстандық әлем чемпионы Геннадий Головкин өзі үшін жеңіл жекпе-жектер болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
5 мамырда Геннадий америкалық Ванес Мартиросянмен жекпе-жекте титулдарын қорғайды.
— Жекпе-жекті екі апта қалғанда қабылдау қаншалықты қауіпті?
— Білесіз бе, бұл өмір. Әр күн қауіпті (күледі). Бокс бұл ойын емес. Бір соққы өмірді өзгертуі мүмкін, қалжыңсыз.
Әр жекпе-жек қауіпке толы. Өз басым "О, бұл әлсіз жігіт, нашар қарсылас" дейтіндерді және осы сарында әңгіме айтатындарды түсінбеймін. Олар рингке шықпайды ғой. Рингте чемпионмен бір-екі раунд тұрып көріңізші, көп нәрсені түсінесіз", — деді GGG ашық жаттығу кезінде.