АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында анасы жаңа туған сәбиін әжетханаға лақтырып жіберген.
7 сәуірде Үржар ауданының ішкі істер бөліміне аудандық аурухананың медбикесі хабарласып, мекемеге көп мөлшерде қан жоғалтқан әйел адамның түскенін жеткізген.
"Тексеру барысында анықталғандай, Үржар ауданы Некрасовка ауылының 22 жастағы тұрғыны өз үйінде босанып, сәбиін әжетханаға лақтырған", — делінген ШҚО ішкі істер департаментінің Sputnik Қазақстанның ресми сауалына жолдаған хабарламасында.
Қазір бірқатар сараптама тағайындалыпты.
Қылмыстық кодекстің 100-бабы "жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жас әйел қазір ауруханада жатыр. Төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылып немесе шектелуі мүмкін.