Әлем

Анасы 9 айлық сәбиін тұншықтырып өлтіріп, қоқысқа лақтырып жіберген

Жазылу
НовостиTelegram
Полицейлер сәбидің денесін іздестіріп жатыр, анасы оны қоқысқа лақтырып жібергенін мойындады

АСТАНА, 11 наурыз — Sputnik. Волгоград облысының тұрғыны тоғыз айлық баласын өлтірді деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Ресейдің тергеу комитеті. 

"Фролово қаласының 26 жастағы тұрғынының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оған өзінің  тоғыз айлық баласын өлтірді деген айып тағылды", — делінген комитеттің хабарламасында. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Мас ер адам 10 айлық сәбиін терезеден лақтырып жіберді

Тергеу версиясы бойынша күдікті әйел 1 наурызда баласымен Волгоградқа келген. Осы жерде пәтер жалдап, үш күннен кейін сәбиін тұншықтырып өлтіріп, оның мәйітін қоқыс жәшігіне лақтырып, басқа қалаға кетіп қалған. 

Әйелдің анасы қызының жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары қылмыстың бетін ашып, әйелді ұстайды. Ол өз баласын өлтіргенін мойындады. 

Қазіргі уақытта полицейлер нәрестенің денесін іздестіріп жатыр. 


Жаңалықтар
0