Өңірлер

Шығыс Қазақстанда жас босанған әйел сәбиін әжетханаға лақтырған

© Photo : bingngu93Бала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Некрасовка ауылында әйел өз бетімен босанып, сәбиін әжетханаға лақтырып жіберді

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында анасы жаңа туған сәбиін әжетханаға лақтырып жіберген.

сәби - Sputnik Қазақстан
Әлем
Анасы 9 айлық сәбиін тұншықтырып өлтіріп, қоқысқа лақтырып жіберген

7 сәуірде Үржар ауданының ішкі істер бөліміне аудандық аурухананың медбикесі хабарласып, мекемеге көп мөлшерде қан жоғалтқан әйел адамның түскенін жеткізген.

"Тексеру барысында анықталғандай, Үржар ауданы Некрасовка ауылының 22 жастағы тұрғыны өз үйінде босанып, сәбиін әжетханаға лақтырған", — делінген ШҚО ішкі істер департаментінің Sputnik Қазақстанның ресми сауалына жолдаған хабарламасында.

Қазір бірқатар сараптама тағайындалыпты.

Қылмыстық кодекстің 100-бабы "жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жас әйел қазір ауруханада жатыр. Төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылып немесе шектелуі мүмкін.

Жаңалықтар
0