Өңірлер

Жамбыл облысында есірткі сатушылар тобын жас әйел басқарған

Қылмыстық топ мүшелерінен бес килограмм героин мен бес миллион теңге алынды
Sputnik

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Жамбыл облысында жас әйел басқарған есірткі сатушылар тобы ұсталды.

ІІМ-нің арнайы операциясы: Астана мен Шымкентте есірткі сатушылар ұсталды

Топ басшысы – 33 жастағы жергілікті тұрғын әйел.

"Полиция қызметкерлері ұсталғандардан жалпы салмағы бес килограмм 55 грамм героин, 5 миллион теңге ақшалай қаражат, ұялы телефондар, "Киа Соренто" көлігін, "пресс" агрегаты бар "Беларусь" тракторын, акциздік маркасы жоқ 135 темекі қорабын және алтын бұйымдар алды", — деп хабарлады облыстың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Топтың басқа бір мүшесі – Жамбыл облысының 47 жастағы тұрғыны Атырауда ұсталған.

Күдіктілердің бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу ісі жүргізіліп жатыр. 

Олар он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.