Қоғам

ІІМ-нің арнайы операциясы: Астана мен Шымкентте есірткі сатушылар ұсталды

© Sputnik / Олег Золото / Медиабанкке өтуЕсірткі
Есірткі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Полиция Астана мен Шымкентте есірткі таратумен айналысқан желіні әшкереледі

АСТАНА, 14 cәуір — Sputnik. Қазақстанда бейсенбі күні есірткі сатушыларды ұстау бойынша операция жүргізілді, деп хабарлады ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте есірткілік сағызбен улану туралы қауесет тарады

"Жедел шаралар барысында Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД есірткімен күрес басқармасының арнайы бөлімшесі қызметкерлері есірткі сатушы Шымкент тұрғынын ұстады, одан бір килограмм героин табылған", — деп хабарлады Сәдубаев брифингте.

Тура сондай операцияны елордалық полицейлерде сәтті жүзеге асырған. Бау-бақшалар аумағында Астана тұрғыны ұсталып, одан жеті килограмнан астам наша алыныпты.

Арнайы операциялар нәтижесінде есірткі тасымалы мен тарату жолдарының біртұтас желісі әшкереленді, деп қорытты Сәдубаев.

Жаңалықтар
0