Өңірлер

Шымкентте есірткілік сағызбен улану туралы қауесет тарады

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуАурухана
Аурухана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа сәйкес балалар есін жоғалтып, есірткіден уланып қалған

АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Шымкенттің құқық қорғау органдары балалардың есірткілік сағыздан уланғаны туралы жалған ақпарат таратқан адамдарды іздеп жатыр, деп жазады otyrar.kz.

су - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
СҚО әкімі лас ауыз суы туралы қауесет таратқандарды жазалауға уәде берді

Балалардың уланғаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мектептердің бірінде белгісіз адамдардың "Бибо" сағызын таратқанынан кейін пайда болды. Хабарланғандай, бұл жайт № 1, 7, 47, 80, 87 мектептерде болған. Хабарлама авторлары ата-аналардан балаларына танымайтын адамдардан сағыз алмауын айтуды сұраған, өйткені балалар есін жоғалтып, есірткіден уланып қалыпты-мыс. Тіпті жедел жәрдем шақыруға тура келген дейді. 

Білім беру бөлімінің өкілдері, облыстық денсаулық сақтау департаменті мен ішкі істер органдары аталған мектептерді аралап шықты. Улану жайты расталмаған. Оқушылардың бәрі сабақта. Хабарламада айтылған балалар мен олардың ата-анасы улану және жедел жәрдем шақыру туралы деректі жоққа шығарды.

Жұмыс тобы сағызды таратқандарды анықтады. Олар сағыз шығарушы компанияның өкілдері екен, компанияның мерейтойын атап өту үшін балаларға сағыз үлестіріпті. Компанияның өндіретін конфеттері мен сағыздарына сай құжаттары бар.

Жалған ақпаратты әдейі таратқандарды полиция іздеп жатыр, олар жасаған ісі үшін жауапқа тартылады.

Жаңалықтар
0