АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Жамбыл облысында жас әйел басқарған есірткі сатушылар тобы ұсталды.
Топ басшысы – 33 жастағы жергілікті тұрғын әйел.
"Полиция қызметкерлері ұсталғандардан жалпы салмағы бес килограмм 55 грамм героин, 5 миллион теңге ақшалай қаражат, ұялы телефондар, "Киа Соренто" көлігін, "пресс" агрегаты бар "Беларусь" тракторын, акциздік маркасы жоқ 135 темекі қорабын және алтын бұйымдар алды", — деп хабарлады облыстың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Топтың басқа бір мүшесі – Жамбыл облысының 47 жастағы тұрғыны Атырауда ұсталған.
Күдіктілердің бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу ісі жүргізіліп жатыр.
Олар он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.