Әлем

Әлеуметтік желілер ақпаратты саяси көзқарасты жақтау үшін пайдалана ма?

Жақында өткізілген Sputnik.Пікір сауалнамасы көрсеткендей, еуропалықтардың басым көпшілігі ірі әлеуметтік желілердің ақпаратты белгілі бір мақсатта пайдаланатынына сенеді екен
Sputnik

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Еуропалықтардың басым көпшілігі Google мен Facebook белгілі бір саяси көзқарасты жақтап, ақпаратты пайдалану үшін алгоритмдерді пайдаланады деп сенеді. Sputnik.Пікір жобасы аясында жүргізілген сауалнама осындай нәтижеге қол жеткізді.

Sputnik Қазақстан Қазақстанның Интернет Қауымдастығы басшысы Шавкат Сабировқа әлеуметтік желілер ақпаратты өз пайдасына жарата ма деген сауал қойды.

Қазақстандық сот Google-ды жауапқа тартты

"Бүгін де бұл жаңалық емес. Баяғыдан белгілі, жұмыс істеп келеді. "Киберәскер" деген тұтас бір жүйенің бөлігі. Біз киберқалқан орнатып жатамыз, бірақ, сонымен бірге, шабуыл жасауға арналған "кибержасақтар" да бар ғой. Шабуыл дегеніміз бұзу, зиян келтіру, істен шығару ғана емес, қарсыласыңның халқымен жалпы жұмыс істеу. Бұл жаңағы айтқан "кибержасақтардың" күнделікті қызметі, олар алдыңғы шепте тұрып, саған қажетті ақпараттық өрісті құрады", — деп пікір білдірді Сабиров.

Сарапшы мысал ретінде Желіде тауар алу немесе іздеу кезіндегі қолданушылардың жеке ақпаратын атап өтті.

Facebook АҚШ конгресіне ресейлік жарнаманың "дәлелін" ұсынады

"Ірі компанияларды атайтын болсақ, Google, Facebook – олар мұны баяғыдан қолданып келеді, яғни біздің қызығушылығымызға қарай ақпарат беріп отырады. Aliexpress-тен бір рет болсын тауар алсаңыз, Google сатып алған затыңыздың суретін алып шығады. Facebook-те "лайк" басқаныңызға қарап, ақпарат бере бастайды. Ал, олардың мұны қасақана, өз пайдаларына асыру үшін қолдана ма деген сұрақ – мүлдем басқа мәселе. Меніңше, олай емес. Әйтпесе, қандайда бір жерде қолданатын болса, кәсіпкерлер бизнесінен айырылып қалуы мүмкін", — деп ойымен бөлісті ол. 

Пайдаланушыларға басқаша ықпал ету туралы Шавкат Сабировтың айтуынша, әлеуметтік желілерді АҚШ қана емес басқа елдер де саяси мақсатта пайдалана алады: 

"Киберқалқан" интернет қолданушыларының тұлғасын анықтауға мүмкіндік береді
"Цукерберг Конгрессте сөйлеген сөзінде неге қайта-қайта кешірім сұрай берді? Өйткені оның қолындағы құрал қазір қоғамның пікірін қалыптастырып, айла-шарғы жасауға мүмкіндік береді. Сол себепті Конгрессте қарсылық көрсететін болса, мемлекеттік америкалық машина оны басып тастайтынын түсінді. Негізінде бұл қазір агрессивті саясаттың құралына айналып отыр. Баяғыдан бері белсенді түрде қолданылып келеді. Меніңше, бүгінгі таңда ең алдымен саяси мақсатта пайдаланылады".

Шавкат Сабиров Қазақстандағы ахуалға алаңдаушылық білдіретінін жасырмады.

"Сырттай жай ғана бақылап тұратын заманның өтіп кеткенін түсінетін кез жетті. Неге олай дейтінім, Қазақстан бұл мәселемен белсенді айналысуы керек. Өйткені сен айналыспасаң, басқа біреу пайдаланатын болады", — деп сенеді маман.

Facebook басшысы Марк Цукерберг 10 сәуірде АҚШ Конгрессіндегі ашық тыңдау кезінде жауап берді. Оған әлеуметтік желілерде пайдаланушылардың жеке мәліметін тарату мүмкіндігі себеп болған. Цукерберг жалған ақпарат таратқан тролльдар мен боттарды уақытылы анықтай алмағаны үшін кешірім сұрады. 

Сауалнама нәтижесі қандай?

Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания мен АҚШ-та сауалнамаға 18 жастан асқан бес мың адам қатысқан. 

Немістер (68%), итальяндар, америкалықтар (60%-дан), француздар (57%) мен британиялықтардың (54%) басым көпшілігі Google мен Facebook белгілі бір саяси көзқарасты жақтап, ақпаратты пайдалану үшін алгоритмдер пайдаланады деп сенеді. Елдердің бәрінде көбінесе жоғары білім алған азаматтар осы пікірді жақтайды екен.

Результаты опроса об информационной деятельности Facebook и Google