Әлем

Facebook АҚШ конгресіне ресейлік жарнаманың "дәлелін" ұсынады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өту"Фейсбук" әлеуметтік желісі
Фейсбук әлеуметтік желісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
АҚШ үкіметі Ресейді сайлау алды компанияға араласуына қатысты күдікті деп танып отыр. Оның нәтижесінде Дональд Трамп жеңіске жетіп, президент болды

АСТАНА, 2 қазан — Sputnik. Дүйсенбі күні Facebook әлеуметтік желісінің басшылығы АҚШ конгресіне Ресейдің сайлауалды кампанияға араласуын дәлелдейтін құжаттардың  көшірмесін ұсынады, деп хабарлайды РИА Новости

Фейсбук - Sputnik Қазақстан
Ресейде Facebook желісі бұғатталуы мүмкін

Washington Post деректерінің мәліметтері бойынша, сенаторларға 2016 жылғы сайлауалды кампаниясы кезінде жасалған 3000 жарнамалық жарияланымдардың көшірмесі ұсынылады. 

Америкадағы қоғамдық саясат жөніндегі компаниясының вице-президенті Джоэл Капланның айтуынша, олар жарнамалық платформаға шетелдің араласуына қатысты мәселені нақты анықтау үшін белсенді көмек көрсетеді. 

Бұған дейін айтылғандай, Конгресс барлау комитеті ашық отырыста мәлімдеме жасау үшін Facebook, Twitter және Google өкілдерін шақырды. Қазан айына жоспарланған бұл отырыста сайлау барысына ықпал ету үшін "Ресейдің әлеуметтік БАҚ көздерін пайдалануы" жөніндегі мәселе қарастырылады. 


Жаңалықтар
0