Әлем

Ресейде Facebook желісі бұғатталуы мүмкін

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өту"Фейсбук"
Фейсбук - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеке деректер туралы заңды орындамаса, Facebook желісі бұғатталады

АСТАНА, 26 қыркүйек — Sputnik. Азаматтар туралы жеке мәліметті сақтау туралы заңды орындамаған жағдайда Ресей Facebook әлеуметтік желісін бұғаттайтын болады, деп хабарлады РИА Новости.

"Бір жағынан, Ресей аумағында Facebook қолданушыларының көп екенін жақсы түсінеміз. Екінші жағынан, бұл жалғыз сервис емес, басқа да әлеуметтік желілер бар. Сол себепті Facebook  компаниясының 242 бапты сақтауын талап етеміз", — деп мәлімдеді Ресей қадағалау комитетінің басшысы Александр Жаров тілшілерге.

Оның айтуынша, Facebook әзірше заңды қалай орындауды ойластыруда, әлеуметтік желі келесі жылы тексерілуі мүмкін.

Жаңалықтар
0