АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Қазақстан полициясы Қырғызстан азаматын босатып алу бойынша арнайы операция жүргізді.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, қырғыз кәсіпкерін Алматының үш тұрғыны ұрлап кеткен.
"17 сәуірде түнде Алматы – Тараз тас жолында күдіктілер көлікті тоқтатып, полиция қызметкерлеріміз деп өздерін таныстырған, кейін жолаушыны ұрлап әкеткен", — деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.
Ұрланған азамат Қырғызстаннан келген бизнесмен екен.
Ұсталғандар қамауға алынды.