Өңірлер

Жамбыл облысында қырғыз бизнесменін ұрлап кеткен

© Photo : Пресс-служба ДВД Жамбылской областиАрнайы операция
Арнайы операция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматының үш тұрғыны Алматы – Тараз тас жолында көлікті тоқтатып, жолаушыны ұрлап әкеткен

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Қазақстан полициясы Қырғызстан азаматын босатып алу бойынша арнайы операция жүргізді.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы облысында ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткен

ІІМ мәліметіне сүйенсек, қырғыз кәсіпкерін Алматының үш тұрғыны ұрлап кеткен.

"17 сәуірде түнде Алматы – Тараз тас жолында күдіктілер көлікті тоқтатып, полиция қызметкерлеріміз деп өздерін таныстырған, кейін жолаушыны ұрлап әкеткен", — деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі.

Ұрланған азамат Қырғызстаннан келген бизнесмен екен.

Ұсталғандар қамауға алынды.

Жаңалықтар
0