Оқиға

Алматы облысында ер адамды ұрып-соғып, ұрлап әкеткен

© AP Photo / John LocherКісен
Кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жамбыл облысы тұрғындары ұрлық жасаған күдіктіні жазалаймыз деп, өздері полицияға ұсталды

АСТАНА, 16 тамыз — Sputnik. Қапшағайға жақын маңда адамды көлікпен ұрлап әкетпек болған төрт ер адам ұсталды, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Прокуратура - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Павлодарда прокурорлар полицейді кепілмен босатуға көнбей отыр

15 тамызға қараған түні жол-патрулдік полиция қызметкерлері Алматы-Өскемен тас жолында Daewoo Nexia көлігін тоқтатады. Жүргізушінің әрекеті бір түрлі көрінген соң, полицейлер көлікті тексеріп, жүк салғыштан соққыға жығылған ер адамды табады. Қосымша күш шақырып, патрулдік полицейлер төрт адамды ұстайды да, Қапшағай ҚІІБ-не жеткізеді.

"Ұсталғандар Жамбыл облысында тұрады, Алматыда жалдамалы жұмыспен айналысады екен. Зардап шегуші 25 жастағы Бақанас ауылының тұрғыны, ол ұсталғандардың танысы болып шықты, олар жігітті ұрлық жасады деп күдіктенген. Яғни, ұсталғандар жәбірленушіні жүксалғышқа салып, Алматыдан алып кетіп, әрі қарай мәселенің басын ашпақ болған", — деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Ұсталғандар қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар
0