Әлем

Белгілі актер әйелін жауыздықпен өлтіргені үшін сотталды

Тергеу барысында анықталғандай, әйел адамды қатты затпен аяусыз ұрып-соққан
Sputnik

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Ресейлік актер Константин Кордо-Сысоев әйелін өлтіргені үшін ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды Ленинград облысы прокуратурасы.

Рудныйда кикбоксшы адам өлтіргені үшін сотталды

Сот 2016 жылы сәуірде болған кісі өліміне ер адамды айыпты деп таныды.

"Тергеу барысында анықталғандай, сотталушы әйел адамның басы мен кеудесінен қатты затпен кем дегенде 69 рет ұрған", — делінген прокуратура хабарламасында. 

Сот ер адамды 11 жылға соттады. Сонымен бірге, әйелдің отбасына моральдық шығын ретінде бір миллион рубль төлеуге міндеттеледі.