АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Ресейлік актер Константин Кордо-Сысоев әйелін өлтіргені үшін ұзақ мерзімге сотталды, деп хабарлайды Ленинград облысы прокуратурасы.
Сот 2016 жылы сәуірде болған кісі өліміне ер адамды айыпты деп таныды.
"Тергеу барысында анықталғандай, сотталушы әйел адамның басы мен кеудесінен қатты затпен кем дегенде 69 рет ұрған", — делінген прокуратура хабарламасында.
Сот ер адамды 11 жылға соттады. Сонымен бірге, әйелдің отбасына моральдық шығын ретінде бір миллион рубль төлеуге міндеттеледі.