АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Рудный соты 20 жастағы кикбокстан спорт шеберін адам өлтіргені үшін сегіз жылға соттады.
Іс материалына сәйкес, өткен жылдың 20 тамызында спортшы 21 жастағы Рудный тұрғынымен сөзге келіп қалып, басының сол жақ самай тұсынан сол қолымен ұрған.
"Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, зардап шегуші бас сүйек-ми жарақатын алған. 23 тамызда Дмитрий Дядюн дене жарақатынан Рудный қалалық ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды", — деп хабарлады alau.kz.
29 наурызда Рудный соты кикбокстан спорт шеберін кінәлі деп таныды.
"Оған сегіз жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілді. Жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді", — деп жазды портал.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.