АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Әлемдегі ең танымал видео YouTube желісінен жоғалып кетті.
6 Сәуір 2018, 13:01
Пуэрторикалық әнші Луис Фонсидің Despacito әніне түсірілген бейнебаянға хакерлік шабуыл жасалды, деп жазады The Independent.
Хакерлер бейнебаянның орнына ер адамдардың мониторға қару кезеніп тұрған видеосын салыпты. Сонымен бірге Шакира, Селена Гомес, Дрейк және Тейлор Свифт сияқты басқа да орындаушылардың бейнебаяндары бұғатталған.
Бес күн бұрын хабарланғандай, Фонсидің видеосын 5 миллиард адам тамашалапты, бұл YouTube тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болатын.