Әлем

YouTube желісіндегі ең танымал видео жоғалып кетті

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуКомпьютер
Компьютер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Хакерлер пуэрторикалық әнші Луис Фонсидің Despacito әніне түсірілген бейнебаянды бұғаттап тастады

АСТАНА, 10 сәуір — Sputnik. Әлемдегі ең танымал видео YouTube желісінен жоғалып кетті.

Әлем
YouTube-тегі видео алғаш 5 миллиард рет көрілді

Пуэрторикалық әнші Луис Фонсидің Despacito әніне түсірілген бейнебаянға хакерлік шабуыл жасалды, деп жазады The Independent.

Хакерлер бейнебаянның орнына ер адамдардың мониторға қару кезеніп тұрған видеосын салыпты. Сонымен бірге Шакира, Селена Гомес, Дрейк және Тейлор Свифт сияқты басқа да орындаушылардың бейнебаяндары бұғатталған. 

Бес күн бұрын хабарланғандай, Фонсидің видеосын 5 миллиард адам тамашалапты, бұл YouTube тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш болатын.

Жаңалықтар
0