Әлем

YouTube-тегі видео алғаш 5 миллиард рет көрілді

Жазылу
Жаңа рекорд бір жарым айдың ішінде орнатылды

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Пуэрторикалық Луис Фонси мен Дэдди Янкидің"Despacito" әніне түсірген бейнеклипі YouТubе видеохостингінде 5 миллиардтан аса көріліп, осындай көрсеткішке жеткен алғашқы ролик атанды, деп жазды Forbes журналы. 

Абсолютті рекорд бір жарым айдың ішінде орнатылды: ақпанда бейнеклип 4,7 миллиард рет көрілген болатын.   

Бүгінде бұл бес миллиардтық шекке жеткен алғашқы видео болып отыр. 

Бұл ресми емес рейтингте Уиза Халифа мен Чарли Путтің "See you again" әніне түсірілген клипң екінші орынды иеленген – оны 3 миллиард 489 миллион рет көрген. Ең көп қаралғандардың үштігін Эд Ширанның "Shape of you" деп аталатын клипі түйіндейді – 3 миллиард 413 миллион рет көрген. 


Жаңалықтар
0