АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Атырау облысының түрмелерінің біріне "Еңбек" РМК қызметкері ұялы телефонның ірі партиясын алып кірмек болған.
3 сәуір күні "Еңбек-Атырау" РМК филиалының қызметкері түрме аумағына құрылыс материалдарын алып келеді. Тексеру бөлмесінде рентген-аппараты арқылы өткізіп қарағанда материалдың арасынан тыйым салынған заттар табылған.
"Ағаш фанераны ашып қарағанды 27 ұялы телефон, құлаққап, қуаттағыш құрал мен SIM карталар табылды", — деп хабарлады Атырау облысы қылмыстық-түзетуші жүйесі департаментінің жедел бөлімінің басшысы Марал Дүйсембаев ATPress.kz басылымына.
Құқық бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.