Өңірлер

Атырау облысында ұялы телефонның ірі партиясын түрмеге алып кірмек болған

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Заңсыз заттар құрылыс материалдарының арасынан табылған

АСТАНА, 6 сәуір — Sputnik. Атырау облысының түрмелерінің біріне "Еңбек" РМК қызметкері ұялы телефонның ірі партиясын алып кірмек болған.

Контрафактілік ішімдікті жою - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ресей азаматы шекарадан ішімдіктің ірі партиясын алып өтпек болған

3 сәуір күні "Еңбек-Атырау" РМК филиалының қызметкері түрме аумағына құрылыс материалдарын алып келеді. Тексеру бөлмесінде рентген-аппараты арқылы өткізіп қарағанда материалдың арасынан тыйым салынған заттар табылған.

"Ағаш фанераны ашып қарағанды 27 ұялы телефон, құлаққап, қуаттағыш құрал мен SIM карталар табылды", — деп хабарлады Атырау облысы қылмыстық-түзетуші жүйесі департаментінің жедел бөлімінің басшысы Марал Дүйсембаев ATPress.kz басылымына. 

Құқық бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Жаңалықтар
0