Оқиға

Ресей азаматы шекарадан ішімдіктің ірі партиясын алып өтпек болған

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуКонтрафактілік ішімдікті жою
Контрафактілік ішімдікті жою - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жас жігіт шекарадан контрафактілік арақ-шарап алып өтуге талпынған

АСТАНА, 27 қаң – Sputnik. Шекарашылар Қазақстан-Ресей шекарасында арақ-шараптың ірі партиясын ұстады деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі.

Отырыс - Sputnik Қазақстан
Ресей азаматтарына Қазақстаннан әкелінген арақ деп метил спиртін сатылған

Ведомство мәліметінше, 21 жастағы Ресей Федерациясы азаматы "ГАЗель" автокөлігімен шекарадан өтпек болған. "Құрманғазы авто" өткізу пунктінде тексеру кезінде көлік салонынан акциз маркасы мен жөнелтпе құжаттары жоқ ішімдік табылған.

"Көлікті тексеру кезінде мемлекеттік шекара күзеті арақ-шарап өнімдерін тапты – 110 бөтелке арақ, әр данасы 0,5 литрден және 10 бөтелке шарап, 0,7 литрден", — деп хабарлайды шекаралық қызмет. 

Аталған факті бойынша Құрманғазы ауданының құқық қорғау органдары өкілдеріне ақпарат берілді. 

Жаңалықтар
0