Әлем

Депутат ажыраспай-ақ екінші рет үйленуге рұқсат беруді ұсынды

Владимир Жириновскийдің пікірінше, ажыраспау психологияға оң әсер етіп, бұрынғы отбасы мүшелерінің құқығы мен мәртебесін сақтауға мүмкіндік береді
Sputnik

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Ресейдің Либеральды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский мемлекеттік думаның басшылығы мен  депутаттарының премьер-министр Дмитрий Медведевпен кездесуінде алимент төлеуді тоқтатуды және екінші некені алғашқысын бұзбай-ақ тіркеуге рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлады РИА Новостиге либерал-демократтардың баспасөз қызметі. 

Тоқал алатындардың некесін қиған имамдар жауапкершілікке тартылады
"Алимент төлеуді тоқтату керек. Ақшаны мемлекет төлей алады, алимент бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы ауыр жанжалдарға жиі себеп болады. Ол жаңадан отбасы құруға кедергі келтіреді. Алименттің пайдасынан зияны көп ", — деді Жириновский.

Ол сондай-ақ ажырасудың болмауы психологияға оң әсер етіп, бұрынғы отбасы мүшелерінің құқығы мен мәртебесін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.  

"Екінші некені алғашқысын бұзбай-ақ тіркеуге құқық беру керек. Әңгіме көп әйел алу туралы емес. Олар бөлек тұрады. Алайда  бұрынғы отбасы мүшелерінің құқығы мен мәртебесін сақтауға мүмкіндік береді. Ажырасудың болмауы психологиялық жағдайды жақсартады", — деп мәлімдеді партия жетекшісі.