АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. Ресейдің Либеральды-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновский мемлекеттік думаның басшылығы мен депутаттарының премьер-министр Дмитрий Медведевпен кездесуінде алимент төлеуді тоқтатуды және екінші некені алғашқысын бұзбай-ақ тіркеуге рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлады РИА Новостиге либерал-демократтардың баспасөз қызметі.
Ол сондай-ақ ажырасудың болмауы психологияға оң әсер етіп, бұрынғы отбасы мүшелерінің құқығы мен мәртебесін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Екінші некені алғашқысын бұзбай-ақ тіркеуге құқық беру керек. Әңгіме көп әйел алу туралы емес. Олар бөлек тұрады. Алайда бұрынғы отбасы мүшелерінің құқығы мен мәртебесін сақтауға мүмкіндік береді. Ажырасудың болмауы психологиялық жағдайды жақсартады", — деп мәлімдеді партия жетекшісі.